
АКСЕССУАРЛАР
ЖАЛПЫ
Нарықта бірнеше қолжетімді
аксессуарлар бар. Сатып алмас
бұрын, оларды микротолқынмен
қолдануға болатынына көз
жеткізіңіз.
Сіз қолданатын құралдар пешке төзімді екеніне
және тамақ дайындамас бұрын олардың
микротолқындарды өткізетініне көз жеткізіңіз.
Тағамдарды және аксессуарларды
микротолқынды пештің ішіне салған кезде, олар
пештің ішкі жағына тимейтініне көз жеткізіңіз.
Бұл әсіресе металдан жасалған немесе металл
бөлшектері бар аксессуарларға қатысты.
Құрамында металл бөлшектер бар аксессуарлар
пештің ішкі бөлігіне тиген жағдайда, пеш жұмыс
істеп тұрса, ұшқын шығып, пеш зақымдалуы
мүмкін.
Пешті іске қоспас бұрын айналдыратын
науаның еркін айналатынына көз жеткізіңіз. Егер
айналмалы платформа еркін айналмаса, басқа
ыдыс пайдалануыңыз керек.
АЙНАЛМАЛЫ ПЛАТФОРМА ТІРЕГІ
Әйнектен жасалған айналмалы
платформаның астына айналмалы
тірек қолданыңыз. Айналмалы
платформа тірегіне басқа құрал
қоймаңыз.
• Айналмалы платформа тірегін пешке
орналастырыңыз.
ӘЙНЕКТЕН ЖАСАЛҒАН АЙНАЛМАЛЫ
ПЛАТФОРМА
Әйнектен жасалған айналмалы
платформаны барлық тамақ пісіру
әдістерімен пайдаланыңыз. Ол
пештің ішін былғайтын шырын тамшылары мен
тамақ қалдықтарын жинайды.
• Әйнектен жасалған айналмалы
платформаны айналмалы тіректің үстіне
қойыңыз.
ТОР
Гриль және комби функциясымен
тамақ дайындау кезінде жоғарғы
торды пайдаланыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Қалыпты жағдайда қажет ететін жалғыз
техникалық қызмет көрсету түрі - тазалау процесі.
Тазалау жұмысы микротолқынды пеш қуат көзінен
ажыратылған күйде орындалуы қажет.
Пешті таза ұстамау нәтижесінде
пештің ішкі беті нашарлауы
мүмкін, ал ол өз кезегінде
құрылғының қызметтік мерзіміне
кері әсерін тигізеді және қауіпті
жағдайға себеп болуы мүмкін.
Басқару панелін және пештің
сыртқы беттерін зақымдайтын
металдан жасалған жөкелерді,
абразивті тазалау құралдарын,
болаттан жасалған жөкелерді,
құмды шүберектерді сол сияқты
т.б. құралдарды пайдаланбаңыз.
Жұмсақ жуғыш құрал жағылған
матаны немесе әйнек тазалауға
арналған спрейді қағаз сүлгіге
шашып пайдаланыңыз. Спрей
әйнек тазалағышын қағаз сүлгіге
шашыратыңыз.
Тікелей пешке шашпаңыз.
Жүйелі аралықтарда, әсіресе
шашырандылар пайда
болған жағдайда, айналмалы
платформаны, айналмалы
платформа тірегін алып, пештің
негізгі бөліктерін жүйелі түрде
тазалап сүртіңіз.
Бұл пеш айналмалы платформасы орнатылған
күйде жұмыс істеуге арналған.
Айналмалы платформаны тазалау мақсатында
шығарып тастағанда, микротолқынды пешті
пайдаланбаңыз.
Пештің ішкі беттерін, есіктің алдыңғы және артқы
жақтарын және есіктің өзін тазалау үшін, жұмсақ
жуғыш құрал жағылған жұмсақ әрі дымқыл
шүберекті пайдаланыңыз.
Есіктің айналасына май немесе тамақ
қалдықтарының жиналып қалуына жол бермеңіз.
55
KZ
hotpoint.co.eu
Kommentare zu diesen Handbüchern