Hotpoint MWHA 33343 B Bedienungsanleitung Seite 7

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 24
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 6
Пісіру тəрелкесі (аксессуар бөлек
сатылады)
Пісіру тəрелкесін тек бағытталған ауа
режимінде дайындағанда
пайдаланыңыз. Оны микротолқындармен
бірге ешқашан пайдаланбаңыз.
Пісіру тəрелкесін қуыстағы пісіру тəрелкесін
ұстағышқа қойыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
Пешті таза ұстамау нəтижесінде
пештің ішкі беті нашарлауы
мүмкін, ал ол өз кезегінде
құрылғының қызметтік мерзіміне
кері əсерін тигізеді жəне қауіпті
жағдайға себеп болуы мүмкін.
Басқару панелін жəне пештің
сыртқы беттерін зақымдайтын
металдан жасалған жөкелерді,
абразивті тазалау құралдарын,
болаттан жасалған жөкелерді,
құмды шүберектерді сол сияқты
т.б. құралдарды пайдаланбаңыз.
Жұмсақ жуғыш құрал жағылған
матаны немесе əйнек тазалауға
арналған спрейді қағаз сүлгіге
шашып пайдаланыңыз. Спрей
əйнек тазалағышын қағаз сүлгіге
шашыратыңыз.
Микротолқынды пешіңізді
тазалаған кезде, бумен
тазалайтын құрылғыларды
пайдаланбаңыз.
Пешті жүйелі түрде тазалап,
тамақ қалдықтарын алып тастау
керек.
Жүйелі аралықтарда, əсіресе
шашырандылар пайда
болған жағдайда, айналмалы
платформаны, айналмалы
платформа тірегін алып, пештің
негізгі бөліктерін жүйелі түрде
тазалап сүртіңіз.
Пештің ішкі беттерін, есіктің
алдыңғы жəне артқы жақтарын
жəне есіктің өзін тазалау үшін,
жұмсақ жуғыш құрал жағылған
жұмсақ əрі дымқыл шүберекті
пайдаланыңыз.
Қалыпты жағдайда қажет ететін жалғыз
техникалық қызмет көрсету түрі - тазалау процесі.
Тазалау жұмысы микротолқынды пеш қуат көзінен
ажыратылған күйде орындалуы қажет.
Тікелей пешке шашпаңыз.
Бұл пеш айналмалы платформасы орнатылған
күйде жұмыс істеуге арналған.
Айналмалы платформаны тазалау мақсатында
шығарып тастағанда, микротолқынды пешті
пайдаланбаңыз.
Есіктің айналасына май немесе тамақ
қалдықтарының жиналып қалуына жол бермеңіз.
Оңайлықпен кетпейтін дақтар үшін бір стакан суды 2
немесе 3 минут пештің ішінде қайнатыңыз. Бу барлық
дақтарды жұмсартады.
Бір стакан суға кішкене лимон шырынын қосып,
айналмалы платформаға қойып, бірнеше минут
қайнатсаңыз, пештің ішіндегі иісті кетіресіз.
Гриль элементі тазалауды қажет етпейді, себебі
қарқынды қыздыру барлық шашырандыны
күйдіріп тастайды, бірақ тордың арасындағы
саңылауларды жүйелі түрде тазалау қажет. Бұл
жұмсақ жəне дымқыл матамен жəне сұйық жуғыш
құралдың көмегімен орындалуы қажет.
Егер гриль жиі пайдаланылмаса, өрт қаупін
азайту үшін, ондағы шашырандыларды күйдіру
мақсатында оны айына 10 минут бойы жұмыс
істету қажет.
77
kz
hotpoint.eu
Seitenansicht 6
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 ... 23 24

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare